Бас прокуратура зиянды және еңбек жағдайы қауіпті кәсіпорындардан 27 мың заңбұзушылық анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура зиянды және еңбек жағдайы қауіпті кәсіпорындардан 27 мың заңбұзушылық анықтады

10.07.2018

Бұл тек алты айдың көрсеткіші. Олардың басым бөлігі еңбек заңнамасының, өндірістік нормалардың, санитарлық-эпидемиология және өрт қауіпсіздігіне қатысты. Жарты жылдықты қорытындылаған алқа отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров осылай деді. Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 3 миллион адамның құқығын қорғаған. Сондай-ақ, мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Ерғали Мерзадинов, Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры:

- Ғылыми атақ алғысы келетін әріптестерімді білім алуға шақырамын. Мен мұны жарнама үшін айтып отырған жоқпын. Қызметкерлердің зерттеу нәтижелері өзімізде тәжірибеден өткізіліп, іске асырылса игі. Бұл салада бірқатар жаңашылдықтар енгізуге мүмкіндік береді. Сондай ақ, қашықтықтан оқыту тәсілін де қолданамыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу