Қоғамдық кеңес жұмысын жетілдіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық кеңес жұмысын жетілдіру керек

10.07.2018

Қоғамдық кеңестің ұсыныс-пікірлері мемлекеттік органдар тарапынан ескерілуі тиіс. Өйткені, кеңес мүшелері тұрғындардың ойларына сүйеніп жұмыс істеп, тілегін жеткізеді. Үкіметтің құрамына кірмейтін, керісінше, Үкімет тарапынан шыққан ақпараттың халыққа қолжетімді болуын бақылайды. Алайда, құқықтық-нормативтік актілердің енгізілуі кезінде мамандардың ескертпелері үнемі ескерілмейді. «Ал, бұл мәселе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде шешілген», - дейді халықаралық сарапшылар. Батыс Қазақстанда болып, сараптау жасаған мамандар сол тәжірибелерімен бөлісті. «Олар Қоғамдық кеңес міндеттерін жетілдірумен қатар, олардың негізгі қызметі халықтың дауыына бағытталуы тиіс», - деп есептейді.

Хилле Хинсберг, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшысы:

- Осы міндеттердің бәрін орындау үшін қаражат жоқ. Олар болса жергілікті әкімдікке немесе министрлікке тәуелді. Қоғамдық қызметтерге бақылау жүргізу және іс сапарға шыққан шығындарының орнын толтыру қиын. Сондықтан, Қоғамдық кеңестер қаржылық тұрғыдан дербес болуы тиіс. Бұл мәселені шешу жолдары қарастырылып жатыр. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу