Ақтөбе  облысында  дәрігер  тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе  облысында  дәрігер  тапшы

11.07.2018
Ақтөбе  облысында  дәрігер  тапшы

Өңірге 76 медицина қызметкері қажет. Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәлімет бойынша қазір облыста 7 мыңнан астам дәрігер бар.  Дегенмен, медицина саласына сауатты, білікті мамандар әлі де  жетіспейді. Мәселен, Ақтөбе қаласының өзінде 30-ға жуық, аудандарға  40-тан астам  дәрігер керек. Жалпы, маманмен қамту көрсеткіші бойынша Ақтөбе облысы республикада төртінші орында келеді.

Әсет Қалиев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бізге арнайы бағыттағы дәрігерлер анестезиолог, реаниматолог 17 дәрігер керек. Ақтөбе медициналық орталығына, балалар ауруханасына үш анестезиолог керек және акушер-гинекологқа да сұраныстар бар.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Жалпы, 76 деген онша көп емес. Біріншіден, заң бойынша жас мамандарды пәтермен, көтерме ақы, жол шығыны, баспанамен қамтамасыз ету керек. Ол заңда қарастырылған.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу