БҚО аумағына құлаған беймәлім зат зымыранның  бөлшегі болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО аумағына құлаған беймәлім зат зымыранның  бөлшегі болып шықты

11.07.2018

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы аумағына құлаған беймәлім зат зымыранның  бөлшегі болып шықты.  Оқиға орнында сараптама жүргізген мамандар осындай байлам жасап отыр. Естеріңізге салсақ,  шілденің 5-і күні  көктен құлдилаған шар тәріздес металды тұрғындар байқап қалып, тіпті, камераға  түсіріп алған болатын. 

Оқыс оқиғадан кейін ауданға ресейлік мамандар келіп, арнайы комиссия құрылды. Тексере келе беймәлім заттың зымыран  бөлшегі  екені  анықталды.  Ол Капустин Яр полигонына құлауы тиіс болған. Алайда, ұшу кезінде бағытынан ауытқыған. Экология департаментінің мамандары бөлшектен сынама алып,  құлаған жерді тексерген. 

Сырым Тілегенов, БҚО Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы:

- Атмосфералық ауада ешқандай ауытқушылық жоқ. Топырақтың сынамасы бір жұмадан кейін дайын болады. Қазіргі таңда Қазталов аудандық әкімдігі Ресей Федерациясының өкілдерімен бірлесіп, бұл мәселе бойынша комиссия құрды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу