ШҚО-да тасқынның алдын алуға 5 млрд. теңге керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да тасқынның алдын алуға 5 млрд. теңге керек

12.07.2018

Шығыс Қазақстан облысына су тасқынының алдын алу үшін  5 млрд-қа жуық қаржы керек.  Көктемде төтенше жағдай туындамас үшін облыста Жол картасы әзірленді. Комиссия маусым айында қауіпті деп саналатын өзендер мен тоғандарды, сондай-ақ, гидроэлектрстанцияларды тексерді. Нәтижесінде, күрмеулі мәселелердің бары анықталды, оны шешу үшін қомақты қаражат керек. Былтырғы қарғын судан 6 қала мен 12 ауданның жұрты зардап шекті. 1283 үйді су басты. Бүгінде соның 90 пайызында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жарамсыз болып қалған 128 баспананың орнына жаңа үйлер сатып алынды. 

Серік Ақтанов, облыс әкімінің орынбасары:

- Комиссия қорытындысы бойынша 4,9 млрд. теңгені құрайтын 163 іс-шара жоспарланды. Өзен арналары тереңдетіліп, тазартылмақ. Бөгеттер құрылысы қарқын алмақ. Алға қойған міндеттердің барлығы 2020 жылға дейін жалғасатын болады. 

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу