Қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік проблемаларды қозғайтын «Мәселе» бағдарламасы биылғы маусымды қорытындылауда. Шындықтың соңынан шырақ алып түскен теле ұжымға күн сайын жүздеген хат-хабар келеді. Олардың ішінде арнамызға арызын айтып қана қоймай, көмек қолын созуды сұрайтындар жетерлік.
Солардың бірі Петропавл қаласының тұрғыны Манап Серікпаев мектеп жасындағы төрт баласын өзі бағып-қағып отыр. Баспананың тапшылығын тартқан жалғызбасты әкеге «Мәселе» бағдарламасының себеп болуымен пәтер кілті табыс етілді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.