Анимациялық фильм ерекше балаларға арнайы өңделген. Мәселен, дыбысының 50 пайызы ғана шығып, жарығы жартылай сөндірілген. Сондай-ақ, кино көрсетілім барысында кинотеатр есігі әрдайым ашық тұрды. Мультфильмды тамашалауға 130 бала ата-аналарымен шақырылды. Шараны ұйымдастырушы - «Болашақ» фонды мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы. Бүгінде елімізде осындай дертке шалдыққан балалардың қоғамға бейімделу шаралары кешенді жүргізіледі. Оларға орталықтар ашылып, барлық жағдай жасалған. Іс-шара осымен 2-ші рет өткізіліп отыр.
Арууана Серікбаева, «Болашақ» корпоративтік қоры директорының орынбасары:
- Бірінші көрсетілімді 2-ші сәуір күні аутизм күніне арнайы жасадық. Ол кезде «Болашақ» КҚ «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тілінде дубляждалған фильм – «Коконың құпиясы» болды, ал, қазір балақайлар қазақ тілінде «Супер отбасы-2» мультфильмін тамашалап отыр. Енді болашақта бұл шараны жиі жасаймыз деген мақсаттамыз.
Алтынай МҰСАЕВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.