Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын орда» түзету-дамыту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын орда» түзету-дамыту орталығы ашылды

18.07.2018

Бұл «Орда» аутизмі бар балалар қоғамдық бірлестігінің екінші ғимараты. Қоғамдық ұйым бір жыл бұрын ерекше балаларды оңалтумен айналыса бастады. Жаңа орталық бұрынғысынан кең. 100-ге жуық баланы қабылдай алады. Аутизм, сал ауруына шалдыққан жасөспірімдермен дефектолог, психолог, логопед, дене шынықтыру маманы, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ата-аналар бұл қамқорлыққа дән риза. 

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу