Мұндай ұсыныс Халықаралық сәулетшілер конгрессінде айтылған. Халықаралық шараға жиналған делегаттар «Еуразия сәулетшілер академиясының Астанада орналасқаны дұрыс», деген де пікір айтқан. Айта кету керек, осы аптада Астанада сәулетшілердің халықаралық конгресі өтті. Онда осы саладағы әлемдік үрдістер талқыланып, әлем елдерінен келген әріптестер пікір алмасты. Сәулетшілердің мұндай деңгейдегі жиыны алғаш рет ұйымдстырылды.
Истелианна Атанасова, Халықаралық сәулетшілер одағының мүшесі:
- Сәулетшілер конгресіне қатысуға Астанаға алғаш рет келдім. Қаладағы нысандарды аралап көрдік. Маған ерекше ұнағаны қазақстандық жас сәулетшінің идеясымен салынған жаяу жүргіншілер көпірі. Жаңа нысанның әдемілігіне қарап, сіздерде мықты сәулетшілердің жас буыны өсіп келе жатқанын айтуға болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ