Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ұлғаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ұлғаяды

24.04.2014
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ұлғаяды
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы алдағы уақытта 10 миллиард долларға жетуі керек. Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешовпен кездескен Түркияның экономика министрі осылай деді.
 
Оның айтуынша, өткен жылы екі елдің тауар айналымы 3 миллиад 500 миллион долларды құраған. Енді тараптар осы көрсеткішті бірнеше есеге ұлғайтпақ. «Ол үшін экономиканың басым салаларындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейту керек»,- деді Әсет Исекешов.
 
Қазір біздің елде Түркияның 1 мың 600 ірі компаниясы бар. Алдағы уақытта оның саны тағы да артпақ.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу