Шара аясында «террорлық қауіптің қызыл деңгейі» жарияланып, арнайы жасақ «содырларды» ұстап, «тұтқындарды» босатты. Ірі өндірістік нысандарда болуы мүмкін террорлық әрекеттердің жай-жапсары пысықталды. Хабарлама жүйесінің қызметі, жедел әрекет ету шаралары тексерілді. Мемлекеттік органдардың оқиғаның алдын алу, салдарымен күресу және жою кезінде бірігіп әрекет етуіне мән берілді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ