Бүгін Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінде егде тартқан ер адамды өрттен арашалап қалған ұландық жауынгерлер марапатталды. Сержант Айзат Дүйсекеевке «Құқықтық тәртібі әскеріне 25 жыл» медалі, ал, қатардағы сарбаз Александр Сущикке «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісі табысталды. Оқиға шілденің 20-ында кешкі 21:00-дер шамасында Бейбішілік пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында болған. Өртті көрген азаматша ұландықтардан көмек сұрайды. Жауынгерлер жедел үйге кіріп, зейнеткерді өрттің өтінен аман алып шыққан.
Айзат Дүйсекеев, ҚР Ұлттық ұланы 3660 әскери бөлімінің байланыс ротасының аппарат басшысы:
- Ол кезде ойымызда еш нәрсе болған жоқ. Ішінде қара түтін болды.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ