Соңғы он жылда Алматыда қылмыс саны төрт есеге өсіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы он жылда Алматыда қылмыс саны төрт есеге өсіп кеткен

25.07.2018

Шаһарда жиын өткізген Қоғамдық кеңес мүшелері полицейлердің жұмысын талқылады. Қоғамдық кеңес бастала салысымен Ішкі істер органдарының жұмысына көңілі толмаған азаматтар сөз сөйлеуге таласты. Алматыда түрлі қылмыстың өршіп кеткені соншалық, тұрғындар қажет болса өздері жасақ құруға дайын екендерін айтты.

Ал, отырыста айтылған фактілер бұл қалада шынымен қылмыстың көп екенін растайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, ел бойынша 300 мың қылмыс тіркелсе, соның 70 мыңдайы Алматыда жасалады. Яғни, республикадағы қылмыстың төрттен бір бөлігі осы қалаға тиесілі. Тіпті, әр өңірдің ұрылары Алматыға келіп пәтерлерге түседі, көліктерді тізгіндеп кетеді. «Өткен жылы 8 мыңнан астам телефон ұрлығына қатысты іс кінәліні таппаған соң жабылып қалған», -  дейді, Қоғамдық кеңестің мүшелері. 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу