Қолданыстағы заңнамалар кәсіпкерлерге қолайсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қолданыстағы заңнамалар кәсіпкерлерге қолайсыз

26.04.2014
Қолданыстағы заңнамалар кәсіпкерлерге қолайсыз
Ұлттық инвесторлар кеңесінде Президент шағын және орта бизнестің кедергілерін жоюды тапсырған болатын. Ақтөбеде кәсіпкерлер әлі де қиындықтан арыла алмай жүр. Ортақ проблема - қолданыстағы заңнаманың қатаң талаптары.
 
Құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында жерді иелікке өткізу қиын. Сертификаттау орталығы мен салық басқармасында кедергі көп. Көліктік бақылау инспекциясының талаптары да кәсіпкерлер құқығын бұзады.
 
Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлерді қолдау палатасы орталық аппаратқа қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу туралы 70 ұсыныс жіберді. Бизнесті, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін қолдауға қатысты 80 өтініш бар.
 
Кәсіпкерлердің кеңейтілген отырысында билік пен палата бұл мәселелерді біріге шешу үшін ортақ келісімге қол қойды.
 
Айдос Мырзағали, Темір аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры:
Қазіргі шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған СЭС талаптары және де мемлекеттен уақытылы қаржының аударылмауы. Сондай-ақ, монополиялардың кәсіпкерлерге қойып отырған тарифтері бар. Бұл облыстық, республикалық жиындарда шешіледі деп ойлаймыз.
 
 
Әлия  ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу