Көкшетауда «Ақмола өнімдері» атты көрме-жәрмеңке өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Ақмола өнімдері» атты көрме-жәрмеңке өтті

30.07.2018

Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы шеңберінде «Ақмола өнімдері» атты көрме-жәрмеңке өтті.

Облыстағы 150 тауар өндіруші азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдарын көпшілік назарына ұсынды. Биыл көрмеге аймақта шығарылған техникалар да қойылды. Өнімдерін ұсынғандардың қатарында кәсібін енді бастағандар да бар. Осылайша, «Бастау» жобасының қатысушылары бизнестерін жолға қойғандықтарын көрсетті. Жәрмеңкенің тағы бір ерекшелігі тауарлар нарықтық бағадан арзанға сатылды. Комиссия 9 аталым бойынша үздіктерді анықтады. Олар енді облыс атынан республикалық байқауға қатыспақ.

Айсұлу Базарбай, кәсіпкер:

- Аяқ-киім шығарамыз. Тек балаларға ғана емес, үлкен кісілерге де тігеміз.

Тимур Нахипбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Осы жәрмеңкенің нәтижесі бойынша біз бірінші рет «Ақмола өнімдері» атты ұлттық отандық облыстық тауар өндірушілердің каталогын шығаратын боламыз. Ол каталогқа 500-ге жуық отандық кәсіпорындар кіреді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу