Жылдағы игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өтетін әлеуметтік шара аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған. Осы дәстүрдің арқасында республика бойынша 10 жыл ішінде 3 миллионға жуық балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден асатын материалдық көмек көрсетілген. Былтыр 316 мың бала акцияның арқасында мектепке қажет киім-кешек пен құрал-жабдықпен қамтылса, биыл 323 мыңдай оқушыға көмек көрсетілмек. Қайырымды іске қол созуға ниет білдіргендер әр өңірдің білім басқармаларына хабарласа алады.
Нұрбек Оршубеков, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
- Былтырғы акцияға талдау жасағанымызда материалдық көмек көрсетумен ең көп қамтылған өңірлер – Алматы облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облыстары болған еді. Аталған облыстарда демеушілерден белсенділік көрініп, айтарлықтай демеушілік көлемі ұлғайғанын байқаған едік.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.