Қызылордада жекеменшік балабақшалар мемлекеттің қаржысын жымқырып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жекеменшік балабақшалар мемлекеттің қаржысын жымқырып келген

02.08.2018

Субсидияны заңсыз алудың жүйелік схемасын прокурорлар әшкереледі. Бақылаушы орган қалалық білім бөліміне тексеру жүргізген кезде осы былықтың беті ашылды. Жеке меншік балабақша иелері бала санын арттыру үшін жалған сенімхаттар пайдаланған. Яғни, ата-аналардың атынан Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балаларды өздерінің мекемелеріне ауыстырып  отырған. Осындай қылмыстық схеманы қолданып, заңсыз дотация алған. Мемлекетке 58 миллион теңгеге жуық шығын келді. 

Шыңғыс Есжанов, облыстық прокуратураның  басқарма аға прокуроры:

- Бұл деректер бойынша облыстық прокуратурамен 9 тексеру құжаттары сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бір іс сотқа жолданды. Қалғандары бойынша қылмыстық тергеп-тексеру жүргізілуде. 9 қылмыстық іс 9 балабақшаға қатысты.  

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу