Қызылорда облысында бір адам қырым қанды безгегінен көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бір адам қырым қанды безгегінен көз жұмды

03.08.2018

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға түскен науқас көз жұмды. Ол Жаңақорған ауданының 38 жастағы тұрғыны.  29 шілде күні қауіпті аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен дәрігер көмегіне жүгінген. Барлық тиісті ем жасалды, бірақ, науқасты  аман алып қалу мүмкін болмады. 

Келіншек аудандық ауруханада мейірбике болып жұмыс істеген. Қазір науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталып жатыр. 

Айна Мұхамбетова, облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

- Өзі елді мекенде тұрады. Мал ұстайды, сиыр сауатын кісі. Жаңақорған кененің нағыз ошағы болады.

Өңірде жыл басынан бері конго-қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен 9 науқас тіркелген. Соның екеуінің диагнозы нақтыланып, бірі қайтыс болса, екіншісі ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарып келеді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу