Қазақстандық үлес артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық үлес артып келеді

29.04.2014
Қазақстандық үлес артып келеді
Ақтөбелік кәсіпкерлер қазақстандық үлесті арттыруға ынталы. Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар бірлесе жұмыс істемекші. Шетелдік және қазақстандық бірлескен кәсіпорындарда отандық өнім түрлері артып келеді.
 
Өңірде тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, келісімшарт жасалды. Мұнай-газ саласына ірі инвесторлар тартылып, жаңа нысандар ашылмақ. Бұл облыс қана емес ел экономикасына келетін пайда.
 
Өткен жылы өңірде 442 миллиард теңге тауар айналымы болды. Тең жартысы -қазақстандық үлес. Ақтөбедегі ірі кәсіпорын 3-ші мұнай-газ зауытының құрылысын отандық өніммен тұрғызды.
 
Өткен жылы жергілікті мекемелерден 302 миллиард теңгенің өнімін алған. 
 
Ван Цзюньжэнь, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры:
Соңғы 3 жылда қазақстандық үлесті арттырып келеміз. Өткен жылы компанияның қызметіндегі қазақстандық үлес 90 пайызды құрады. Мұнай-газ министрлігі қойған талап орындалуда. Мұнай-газ саласына қажет материалдар өңірде де шығады. Қазақстандық кәсіпорындармен серіктес болудың пайдасы да зор.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу