Тараз қаласында есірткіні сақтап, тұрақты түрде саудалап келгендер құрықталды. Қылмыскерлер «Көкнәр-2018» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 383 грамм героин мен 20 грамм гашиш тәркіледі. Есірткі – қылмыскерлердің тұрғылықты жерінен табылды. Ұсталған 3 азамат та бұрын сотталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.