Жоғарғы сот пен Қоғамдық даму министрлігі «сотқа дейінгі татуласу» жобасын жүзеге асырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы сот пен Қоғамдық даму министрлігі «сотқа дейінгі татуласу» жобасын жүзеге асырмақ

09.08.2018

Еліміздің Жоғарғы соты мен Қоғамдық даму министрлігі «сотқа дейінгі татуласу» жобасын бірігіп жүзеге асырады. Бүгін ведомство басшылары арнайы меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысы тапсырған медиацияны дамыту мәселесі қазір оң нәтиже бере бастады. Жасалған меморандумға сәйкес, азаматтық дауларды сотқа дейін шешу институттарын дамыту қолға алынады. Бұл қадам қоғамдық қатынастың тұрақтылығын сақтауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және медиация мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қос орган қоғамдық институттармен бірлесіп, татуластыру мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын мықтап қолға алады.

Айдос Садуақасов, ҚР Жоғарғы соты баспасөз хатшысының орынбасары:

- Біз жергілікті әкімдіктерді, мемлекеттік органдардың басшыларын татуластыру институтын дамытуға шақырамыз. Әкімдердің жанынан татуластыру институттары ашылып жатыр. Бірақ, олардың саны әзірге көп емес. Осындай орталықтардың санын көбейту арқылы біз елімізде азаматтардың сотқа дейінгі дауларын тиімді шешуді көздеп отырмыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу