Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысындағы серпінді жобалармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысындағы серпінді жобалармен танысты

10.08.2018

Қостанайдағы индустриалдық аймақта астық және майлы дақылдарды терең өңдейтін ауыл шаруашылығы хабы құрылмақ. Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Өнімдер негізінен экспортқа бағытталмақшы. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі серпінді жобалармен танысты. Аумағы 400 гектар болатын индустриалдық аймақта 12 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 90 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Инвестиция көлемі 1 трлн. теңге. Индустриалдық аймақта МТЗ маркалы Беларусь тракторы құрастырылады. Тауар қазақстандық тұтынушыларға жеңілдікпен сатылмақ.

Өмірзақ Шөкеев  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі: 

- Бұл техниканы алса, 25 пайыз субсидияланады. 10 пайызды жергілікті әкімдік қоса алады. Арнайы келісімшартқа отырса, қосымша құн салығы  12 пайыз. Жалпы алғанда 52 пайыз жеңілдік бар.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу