Ильхам Алиев: Каспий теңізін жағалай қонған елдер аймақтағы қауіпсіздікке баса мән бергені дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ильхам Алиев: Каспий теңізін жағалай қонған елдер аймақтағы қауіпсіздікке баса мән бергені дұрыс

12.08.2018

Каспий теңізін жағалай қонған елдер аймақтағы қауіпсіздікке баса мән бергені дұрыс. Өйткені, өңірдегі тұрақтылық - ортақ құндылықтың болашағына әсер етуі мүмкін. Ақтауда өтіп жатқан саммитте Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев осылай деді. Оның айтуынша, 5 мемлекет теңіздің экологиялық тазалығын сақтап, биоресурстарды дамытуды мықтап қолға алу қажет. Осы тұрғыда Әзірбайжан 2015 жылы теңіздегі қалдықтарды бақылайтын арнайы орталық салған. 

Ильхам Алиев осы орталықтың мүмкіндігін өзге де елдер пайдалана алатынын айтты. Сондай-ақ, ол Әзірбайжанның мүмкіндігін пайдаланып, өзге де елдермен сауда-саттықты арттыруға дайын екендерін жеткізді.

Ильхам Алиев, Әзірбайжан Республикасының Президенті:

Әзірбайжанның теңізде 260-тай кемесі бар. Бізде теңіз қатынасында ешқандай ауытқу болмайды. Әзірбайжан Каспийдегі маңызды көлік-логистикалық орталығы саналады. Біздің мүмкіндігіміз Еуразия кеңістігіндегі елдерге тиімді. Сондай-ақ, жақында ашылған Баку-Тбилиси-Карс темір жолын да айта кеткен жөн. Биыл жүздеген вагон жөнелтіп үлгердік. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті еселей түсеміз. Каспий маңы елдеріне есігіміз айқара ашық.  

Хабарламаларға жазылу