Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бірлесіп өткізетін «Бейбіт миссия-2018» халықаралық оқу-жаттығуына Қазақ елінің дайындығы мықты. Біздің сарбаздар мен сардарлар Талдықорған маңындағы «Жетісу» әскери полигонында зениттік және артиллериялық қарулармен оқ атып, әскери техникаларын, байланыс құралдарын сынақтан өткізіп жатыр. Әскери жаттығуға Қазақстан Қарулы Күштері Десантты-шабуылдаушы әскерінің 200-ден астам қызметкері және 60-қа жуық техника қатысады. Биылғы оқу-жаттығу тамыздың 22-і мен 29-ы аралығында Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонында өтеді. Шараның негізгі мақсаты - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің антитеррористік операцияларын бірлесіп өткізіп, оған әскерилердің дайындығын тағы бір пысықтау.
Санат Танатов, 48/386 әскери бөлімінің барлаушысы:
- Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде деп ойлаймын. Барынша жақсы жағынан көрініп, жауынгерлік дайындығымызды жақсы жағынан көрсетіп қайтуға тырысамыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.