Каспий саммиті – ел тарихының жаңа кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий саммиті – ел тарихының жаңа кезеңі

14.08.2018

Ақтау саммиті Каспий теңізін пайдаланудың жаңа кезеңінің басталуына негіз болды.  

Бұл Алматылық зиялы қауымның пайымды пікірі. Олардың сөзінше, Каспийді келісім арқылы тиімді пайдалану жағалаудағы бес мемлекеттің де экономикасы үшін тың серпін болмақ. Сондай-ақ, туризм саласы да дамып, су жолының жаңа бағыттары ашылады.

Ал, Каспийді пайдаланудың халықаралық маңызына тоқталсақ, бұл Шығыс пен Батысты жалғаған Жібек жолының қайта жаңғыруы. «Сондықтан, келелі келісімнің игілігін әлем халықтары көретін болады», - дейді мамандар. 

Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

- Бұл дипломатиялық үлкен жетістік деуге болады. Біріншіден, халықаралық заңдарға сүйене отырып, Каспий теңізінің астындағы сызықтар яғни, шекаралар өткізіліп, әр елдің өзінің аймағы белгіленді. Екіншіден, халықаралық деңгейде ешқандай қақтығыстар, кикілжіңдер болмас үшін басқа елдердің қару-жарағы немесе әскері кірмейтіндей конвенция қабылданды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу