Еліміздің денсаулық сақтау саласы - сыбайлас жемқорлыққа шырмалған саланың бірі. Осы орайда бүгін Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиында министр Елжан Біртанов саладағы сыбайластықтың деңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты. Мәселен, келер жылы еліміздің барлық емханалары қағазбастылықтан құтылады. Яғни, барлық құжат айналымы электронды түрге көшіп, баршаға жария түрде болмақ. Бүгіннің өзінде бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп, мұқтаж азаматтарға тегін дәрі-дәрмектерді таратуда бірізділік орнаған. Алдағы уақытта аталған екі мекеме жемқорлық деңгейін төмендету үшін күш біріктірмек. Алик Шпекбаев «бұл жай ғана құжат емес, іс жүзінде атқарылатын шаруалардың тетігі болады», - дейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.