Құрбандық тамыздың 21-23 күндері шалынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбандық тамыздың 21-23 күндері шалынады

16.08.2018

Құрбан айт 21-24 тамыз аралығында тойланады. Ал, 18-ші тамызда Астанадағы құрбандық шалу орындарында қасапшылар үшін семинар өтеді. Малды шариғат талаптарына сай сою – ізгілік амалдың толық орындалуының бір кепілі. Сондықтан, кез келген ерікті шараға қатысып, арнайы сертификатқа ие бола алады.

Бұдан бөлек, биыл 35 бас ірі қара құрбандыққа шалынады,-деп күтілуде. Етін төрт аудандағы мұқтаждарға тарату жоспарланып отыр. Ұлық мерекені бұқаралық сипатта атап өту де басты назарға алынған. Осы ретте «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуақас Ғылмани» мешіттері аулаларында киіз үйлер тігіп, мәдени-спорттық шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Раббың үшін құрбан шал», «Жетеудің бірі бол» атты дәстүрлі акциялар да жалғасын табады. Бастысы бауырмалдық, татулық пен мейірімділіктің мейрамына айналған Құрбан айтта артық кетпеген абзал.

Асқар Мұқанов, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы:

- Жылдағы үрдісте кейбір жастарымыз құрбан шалғандығын суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге салып, қанның ағып, қойдың немесе сиырдың қасына барып немесе басын алып, суретке түсіп бір әдепсіздіктер жасап жатады. Бұл жалпы дұрыс емес. Өйткені, құрбан шалу Аллаға жақындау деген сөз. Пенде құрбан шалғанын бәріне жариялап, жар салып суретке түсіп жату ол бір амалыңызды әшкерелеп қойғанмен бірдей болады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу