Алматыда Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті

17.08.2018

Бұл ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың жаңа қызметке тағайындалғалы бірінші жиыны. Ол Құрлық әскерлерінің әскери институтында білім беру мәселелерін сөз етті. Әскери білімді тереңдету – ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен әскери доктринада бекітілген. Сол себепті, Отан қорғаушылардың жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері мен адами құндылықтарын қалыптастыру аса маңызды. Министр оқу орындары курсанттары ғарыштық, ақпараттық және киберкеңістікте әрекет ете білу керектігіне көңіл бөлді. Отырыста запастағы офицерлерді даярлау жүйесін жетілдіру мәселесі де қаралды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу