Қызылордада салықтан жалтарып жүргендердің мүлкі тәркіленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада салықтан жалтарып жүргендердің мүлкі тәркіленуде

17.08.2018

Салық төлемей, жалтарып жүргендердің мүлкі тәркіленеді. Сот шешімін орындауға құлықсыздарға қызылордалық жеке сот орындаушылар осындай шара қолдануда. Себебі, өңірде мүлік салығын төлемегендер көбейген. Әсіресе, қымбат көлік мінетіндер міндетті салықты  төлеуге құлықсыз. Облыс бойынша 646 борышкер болса, сот орындаушылар соның 132-сінің қарызын өтеуге мәжбүрледі. Жұмысты әрі қарай күшейту үшін сот орындаушылар енді Кіріс басқармасы және жергілікті полициямен бірлесіп арнайы рейд ұйымдастыруда. 

Кирилл Десятниченко, Қызылорда облыстық Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:

- Рейдтің нәтижесімен мүлік салығы бойынша қарызы бар борышкерлердің автокөліктері айып тұрағына қойылып жатыр. Мысалы, бүгіннің өзінде 4 көлік қойылды. Нәтижесі бойынша автокөлік иелері салық қарызын төлеп, бізге квитанцияларын әкеп жатыр. Акция қазан айына дейін жалғасады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу