Әблязов өмір бақи түрмеге жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әблязов өмір бақи түрмеге жабылуы мүмкін

17.08.2018

Мұхтар Әблязов өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол «Банк Тұран Әлем» акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды», - деген күдікке ілінді. Мұндай мәліметті еліміздің Бас прокуратурасы таратты. Бұл қылмысты жасау алдында ол Мұратхан Тоқмәдимен сөз байласқандығы да айтылады. Осы себепті, Әблязовқа биыл 31 шілдеде ақпарат құралдары, оның ішінде Le Figaro француз газеті арқылы Қазақстан прокуратурасына келуі жайлы хабарлама жіберілген еді. Бірақ, өзі мен қорғаушысы сотқа дейінгі тергеу процесіне қатыспаған соң күдіктіге сырттай шешім шығарылады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу