Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард доллардан асты

29.04.2014
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард доллардан асты
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынас жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламаның нәтижесі жаман емес.
 
Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард  49 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл - Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 17,7 пайызына тең.
 
Осы кезеңде Қазақстан Ресейге 5 миллиард 8 миллион доллардың тауарын экспорттаса, Ресейден 17 миллиард 69 миллион доллардың заты импортталды.
Бүгінде отын-энергетика, машина құрастыру, мұнай-газ саласындағы әріптестік келісімді ерекше атап өтуге болады.
 
Өткен жылы екі ел Үкіметі ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытайға тасымалдау жөніндегі келісімге қол қойды. Осы келісім негізінде Қытайға  жылына 7 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдау жоспарланған.
 
Сондай-ақ, өткен жылы Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы - «Азия Авто Қазақстан» автомобиль зауытының құрылысы басталды. Зауыт іске қосылса, жылына 120 мың көлік шығаратын болады.    
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу