Жұмысшы мамандар мәртебесін көтеру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысшы мамандар мәртебесін көтеру қажет

22.08.2018

Елімізде  құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында білікті мамандар тапшы. Сондықтан, жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға бағыттау қажет. Қызылорда облысына барған Сенат депутаттары Жалағаш ауданындағы индустриалды-аграрлық колледжінің ұжымымен кездесті. Сапалы кадр әзірлеу үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту керек. 

Бұдан өзге,  мұғалімдердің біліктілігін арттырып, жұмысшы мамандық иелерінің жалақысын көбейту қажет. «Парламентте қабылданған бірқатар құжаттарда бұл мәселелер кеңінен қамтылды», - деді халық қалаулылары.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Оқу орнының ұжымен кездестік. Біраз проблема бар екен, материалдық-техникалық базасы ескі.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу