Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен жүздесіп қайтты. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытып, жаңа технологияның игілігін көріп отырған шаруашылықтарды аралады.
Соның бірі - Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығы. Мұндағы жылыжай голланд технологиясы бойынша соғылған. Қол жұмысы – аз, өнімі – мол. Халық қалаулылары тоқтаған ірі серіктестіктің бірі – «Аса-Даму» құс фабрикасы. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған жобаның жылдық өнім қуаты - 914 млн. теңге. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібі өрге басқан серіктестік келешекте шаруасын ширатып, өндіріс ауқымын ұлғайтпақ.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.