Астанада салынып жатқан «Абу-Даби Плазаның» құрылысы бір сәтке тоқтатылды. Ғимаратта құтқарушылар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Жоспар бойынша дәнекерлеу жұмыстарының салдарынан 35 қабатта өрт шығып, ол 36 қабатқа тарайды. От ошағына 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды. Ғимараттан барлық адамдар эвакуацияланып, жарты сағаттыің ішінде 100 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Құрылыс аяқталған соң «Абу-Даби Плаза» жалпы Орта Азиядағы ең биік ғимарат болады. Сондықтан, мұндай ғимараттың ішінде жұмыс істеу тәжірибесін өрт сөндірушілер жиі шыңдап тұрулары міндет.
Саят Кжимов, Өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы:
- Ішкі крандармен жұмыс істейміз. Барлық қабатқа қысыммен су келіп тұрады. Мұндай биік ғимараттарға біздің сатымыз жетпейтіні анық. Ал, бүгінгідей жағдайда қысыммен бірінші қабаттан көбік жібереміз. Астанада биік ғимараттар күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Сондықтан, жаттығулар жасап, шеберліктерімізді шыңдауға міндеттіміз.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.