Алматыда «102» қызметі операторлар санын көбейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «102» қызметі операторлар санын көбейтпек

29.08.2018

Алматының Ішкі істер департаменті жедел басқару орталығындағы операторлар санын көбейтпек. Өйткені, соңғы уақытта «102»-ге хабарласатындар саны артқан. Мәселен, күніне 1000-ға жуық хабарлама түседі. Ал, орталықта бар-жоғы 10 адам жұмыс істейді. Олар барлық хабарламаны реттеуге үлгермейді. «Сондықтан, бізге кемінде 32 қызметкер керек», - дейді мамандар. Бірақ, айлықтың аздығына байланысты мұнда жұмысқа келуге ынталылар аз. 40 мың теңге ғана жалақыға қарамастан, үміткерлерге қатаң талаптар қойылады. Олар заңнан хабары бар, екі тілде сауатты, ағылшын тілін де меңгерген болуы тиіс.

Мұхтар Әшеев, қалалық ІІД Жедел басқару орталығы басшысының орынбасары:

- 2000 жылы құрылған жедел басқару орталығы Қазақстан бойынша ең бірінші құрылған. Штаттық құрамы әлі өзгерген жоқ. Алматы қаласының халқы өсіп жатыр. Соның өзінде қолымыздан келген іс-әрекетті жасап, жұмысты атқарып жатырмыз.

 

Амангелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу