Бұрынғы Капцевич пен Куйбышев көшелеріне ономастика комиссиясының шешімімен Байкен Әшімовтің және Мақтай Сағдиевтің есімдері берілді. Бұл азаматтар еліміздің сондай-ақ, Ақмола аймағының дамуына ерекше үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері. Көшенің жаңа атауын жария еткен салтанатты жиынға қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері және қос қайраткердің ұрпақтары қатысты.
Жалпы, биыл облыс орталығында идеологиялық тұрғыдан ескірген 70-ке жуық көше атауы өзгерді. Ал, облыс бойынша 200 көшеге жаңа атау берілді.
Оңдасын Әшімов, Байкен Әшімовтің ұлы:
- Бұған дейін өзге облыс, қалаларда көше атаулары беріліп, ескерткіштер қойылған. Дегенмен, Көкшетаудың орны бөлек. Осы өңірдің тумасы, осы аймақта жұмыс істеді. Сондықтан, бүгін отбасымыз үшін өте қуанышты күн.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.