Қостанайда ата-аналардан артық құжат талап еткен балабақша директорлары әкімшілік жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда ата-аналардан артық құжат талап еткен балабақша директорлары әкімшілік жауапқа тартылды

04.09.2018

Бұл келеңсіздік Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған зерттеу нәтижесінде анықталды. «Құпия сатып алушы» тәсілі бойынша қоғамдық ұйым өкілдері балабақшаға баласын орналастырушы ретінде барады. Әлгіндей заңбұзушылықтар сол кезде әшкереленген. Осындай әдіспен облыс орталығындағы 18 балабақша тексерілді. Соның төртеуі келушілерден қосымша құжаттар талап еткен. 

Гүлнәр Шағырова, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы:

- Мекеме басшылары бұл әрекеттерін құжат қабылдау жұмысын бұрынғы тәжірибеге сәйкес  жүргізгендерімен түсіндіреді. Яғни, олар талап етілетін құжаттардың заңмен бекітілген тізімін нақты білмейді. Сондықтан да, осындай заңбұзушылыққа жол беріп отыр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу