Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы екі бірдей мектептің директоры жауапқа тартылды. Олар ата-аналардан артық құжат талап еткен. «Бұл заңға қайшы», - дейді мамандар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жаз айларында 10 мектепке тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыз әрекеттердің жолын кескен. Заң бұзған екі оқу мекемесінің басшысы да осы тексеріс барысында анықталып отыр.
Жандос Сәрсенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы:
- Заңнамада қарастырылмаған артық құжаттарды талап етеді. Сол арқылы мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары бұзылып жатыр. Ол расталды. Қорытындысы бойынша біздің департаменттің берген ұсынымына сәйкес, мектептің директоры жазаланды. Бұл басқа да мектептердің директорларына сабақ болады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.