Соңғы уақытта көшелерімізде Қырғызстан мен Арменияның мемлекеттік нөмірі бар жеңіл көліктер көзімізге көптеп түсе бастады. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бұл елдерден көлік әкелуде жеңілдік бар ма сонда?» деген сауал туындайтыны рас. Осы орайда, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарына Армения мен Қырғызстаннан 2014 жылға дейінгі автокөліктерді ғана әкелуге рұқсат етілгенін, ал, бұл мерзімнен кейін тіркелген көліктерді әкелген жағдайда кедендік төлемдер төлейтінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, Қырғызстаннан осы елде 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген көліктерді, ал, Армениядан 2014 жылдың 10 қазанына дейін рәсімделген көліктерді әкелуге рұқсат етілген. Себебі, бұл екі мемлекет экономикалық одаққа осы уақыттан кейін ғана қосылған. Дегенмен, Кірістер комитетінің мамандары сырттан әкелінетін көліктерге кедендік талаптардан бөлек, Ішкі істер министрлігі тарапынан қойылатын ережелер де бар екенін ескертті. Яғни, сырттан әкелінетін көліктерді алғашқы тіркеу төлемі және утилизациялық жинақ төлемдері төленуі тиіс.
Айбек Үйсінбаев, ҚР Қаржы миинстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
- Армения Республикасын айта кетер болсақ, 2014 жылдың 10 қазанына дейін рәсімделген автокөліктер ҚР еркін ешқандай кедендік кедергісіз азаматтарына әкеле алады. Сондықтан, ең біріншіден жергілікті Мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, осы автокөліктің қай уақытта рәсімделгенін дұрыстап біліп, сосын сатып алуға болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.