Сенат жылдық жұмыс жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жылдық жұмыс жоспарын бекітті

06.09.2018

Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы отырыста жаңа сессияда палатаның негізгі жұмыстарын атады. «Біздің алдымызда тұрған айнымас меже айқын, яғни елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай еңбек етіп, кешенді шаралардың орындалуын заң тұрғысынан қамтамасыз ету», - деді спикер. Сессия барысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартып, тұрғын үй қатынастарын реттеуге, отандық туризмді жақсартуға, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобалары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президент Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастаманы сапалы түрде жүзеге асырудың маңызы ерекше. Олардың орындалуы біздің үнемі бақылауымызда болуы тиіс. Елбасы атап өткен түпкі мақсат еліміздің әл-ауқатын одан әрі жақсартып, ел экономикасын дамыта түсуді көздейтін жұмыстарды орындау.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу