Атырау облысына бөлінген республикалық бюджет дұрыс игерілмей отыр. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің кезекті отырысында айтылды.
Мемлекеттік аудиттің қорытындыларына сүйенсек, өңірде жалпы сомасы 498 миллион теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Атырау қаласының «Көктем» тұрғын-үйінде инженерлік желілер үшін бөлінген ақшаның 16 миллион теңгесі игерілмей, бюджетке қайтарылған.
Сондай-ақ, аймақты дамыту бағдарламалары мен өңірдің әлеуметтік-даму көрсеткіштеріне сапалы жоспарлау жүргізілмеген, дейді комитет мамандары. Осы тексерісінен кейін аталмыш кемшіліктер жойылған.
Талғат Жақан, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:
«Нұрсая» шағын ауданында үш ауысымды мектептің жайы мен мектеп жетіспеушілігі мәселесі де әлі шешілмеген. 2017 жылы пайдалануға берілген 620 орындық білім ордасында 1 850 бала оқып жатыр. Оқушылар саны 3 есе артық деген сөз.
Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат та толығымен тиімді игерілді дегенге келмейді. Аймақта медициналық кадрлардың жетіспеушілігі сезіледі. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған медапараттар тиімді қолданылып жатқан жоқ.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.