Атырауда Сенат депутаттары көшпелі жиын өткізді. Халық қалаулылары Қазақстандағы медиация институтын дамыту мәселелерін талқылады. Жоғары палата депутаттары медиацияны кең ауқымда қолданысқа енгізуді ұсынып отыр. Бұл азаматтық істер мен жеңіл қылмыстардың дау-дамайсыз шешілуіне мүмкіндік бермек. Бірлескен басқосудан соң депутаттар өңірдегі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарын аралады. Кәсіпкерлермен кездесіп, қызметтерімен танысты. Өңірде қазір 44 мыңға жуық кәсіпкер бар. Былтыр жыл соңында 7 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған. Соңғы жылдары Атырау облысында шағын және орта бизнестің үлесі артып, аймақ экономикасы қарыштап дамуда. Өткен жылы кәсіпкерлік сектор бойынша бір триллион теңгенің өнімі өндірілген.
Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Атырау өңіріндегі өндірістерді көргеніміз бізге үлкен әсер етіп отыр. Неге десеңіз, мұның барлығы жергілікті кәсіпкерлердің күшімен жасалған нәрсе.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.