Ақтөбе облысында хабарсыз кеткен 6 адам  аман-есен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында хабарсыз кеткен 6 адам  аман-есен табылды

10.09.2018

Ақтөбе облысында он күн бұрын жоқ іздеуге шығып, хабарсыз кеткен алты адам аман-сау табылды. Бұл туралы  бірер сағат бұрын ғана облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлады. Жылқы іздегендер бірінші қыркүйек күні Шалқар ауданынан жолға аттанған. Соңғы рет 3-інші қыркүйек күні байланысқа шығыпты. Негізгі жоқ іздегендер ағайынды Мейіржан және Мейірхан Қарақовтар екені белгілі. Бұлардың бірі ауыл шаруашылығы басқармасында қызмет етеді. Қарақовтардың туыстары осыдан үш күн бұрын  полицияға арыз жазған.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда, Қарағанды облыстарындағы Ішкі істер департаментінің мамандары да тартылған. Нәтижесінде  «УАЗ» автокөлігін мінген азаматтар Қызылорда облысының Арал ауданынан табылды. 

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу