Астаналықтар енді қоқыстарын сата алады. Жаңадан ашылып жатқан арнайы орындар полиэтилен, пластик, қағаз сияқты 11 түрлі шикізатты қайта өңдеу үшін қабылдайды. Әрқайсысының бағасы белгіленіп қойған.
Әлиасқар – 4-сынып оқушысы. Әлеуметтік желіден қатты қалдықтарды қабылдайтын орынның ашылатынын көріп, үйінде қағаз бен құты жинай бастайды. Шикізатын бекеттің салтанатты ашылуынан бұрын әкеліп тапсырды. Тиесілі ақшасын алды.
Әлиасқар Әділқазы, оқушы:
- Иә, мен табиғатты қорғау үшін қағаздарды полиэтиленді қайтадан жинап әкеліп тапсырамын.
Қаланың кей аудандарында шашылып жатқан полиэтилен қапшықтар, қағаз бен құты үйреншікті көрініс. Енді оларды амалын тауып ақшаға айналдыру қиын емес. Бастысы, бұл тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға көмектеседі.
Әсет Абаев, «Astana clean time» компаниясының өкілі:
- Ол шикізаттарды біз Қазақстанның зауыттарына жібереміз. Қазіргі таңда басқа тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бізге ғаламтор арқылы хат жазып, осындай пункттарды орнатуды сұрап жатыр.
Бүгінде Астана бойынша дәл осындай 10 бекет жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы да 22-сін орнату жоспарланып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.