Қызылорда қалалық сотында фронт-офис ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қалалық сотында фронт-офис ашылды

12.09.2018

Ақпараттық орталықта 9 бағыт бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Қаладағы 100-ден астам кәсіби адвокат кезектесіп, орталыққа келген тұрғындарға кеңес береді. 

Орталықтың жұмысы сандық технологияға негізделген. Арызды үйде отырып-ақ жолдауға болады. Ашықтық пен қызмет сапасын жақсарту бағытында ашылған фронт-офисті  алдағы уақытта аудан орталықтарынан да іске қосу жоспарда бар.

Ал, көрсетілетін қызмет түрлері    мобильді қосымшаларға да орнатылады.

Ақниет Әбдімәліков,  қала тұрғыны:

-Мұнда тегін адвокаттар бар екен. Адамдарға көп жағдайда адвокат қажет болады, бірақ, қайда екенін таппайды. Бұл орталықтың пайдасы зор деп есептеймін. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу