Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті осындай мәлімет таратты. Тілсіз жаудың салдарынан 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келіп, 8 адам көз жұмды. Оның біреуі бала. Өрт көбінесе жеке тұрғын үй секторларында орын алды.
Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы басталысымен өрт пен газбен улану фактілері арта түседі. Көбіне оған пәтер иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады. Департамент өкілдері қала бойынша тұрғындармен кездесіп, оларға нұсқау береді. Жыл басынан бері мамандар 19 мыңдай тұрғын үй секторын аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндерген.
Мейрамбек Қайсанов, Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
- Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталады. Астана қаласы әкімінің орынбасары жылыту маусымы басталғанға дейін тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі айлығы туралы тапсырманы бекітті.
Бақытжан ОМАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.