Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен аймақтық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен аймақтық форум өтті

13.09.2018

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдары қызметін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасы талқыланды. Тұжырымдама бұған дейін еліміздің оңтүстік, орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде талқыланып, ұсыныстар жинақталды. Ақтөбеде өткен аймақтық форумға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова да қатысты. Бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыруды биыл маусымда өткен партияның Саяси кеңесінде Елбасы тапсырған болатын. Содан бері тұжырымдама республиканың әр аймағында талқыланды. Жиынға қатысушылар  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы партиялық жобаларды сәтті іске асыру жолдарын да пысықтады. Кадрлық резервті қалыптастыру мен «сандық партия» жобасы да назардан тыс қалмады.

Сайлау Байталасов, «Нұр Отан» партиясының Атырау облысы, Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бізде Елбасының жаңа цифрландыру бағдарламасын іске асыруға қарқынды жұмыс істеліп жатыр. Олардың ішінде коворкинг орталықтарын ашу, IT сыныптар ашу өте қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан, қазір бастауыш партия ұйымдары партияның негізі болғандықтан бастауыш партия ұйымдары арқылы халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізудеміз.

 

Ж. КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу