Шымкентте Есірткіге қарсы күрес жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік ұйымының жиыны өтті. Жиында ұйымға мүше елдердің және Иран мен Қытай мемлекеттерінің құқық қорғау орындары қатысқан «Қызыл бархан» операциясының қорытындысы жарияланды. Оған 22 мыңнан астам тәртіп сақшысы, тікұшақ, сауытты автокөлік секілді 25 арнайы техника жұмылдырылды.
Операция барысында ұйымға мүше елдердің аумағынан 9 тонна есірткі тәркіленді. Оның 38 киллограмы героин, тағы екі тоннасы синтетикалық есірткі заттары. Жалпы Қазақстан, Орта Азия мемлекеттері, Ресей, Беларусь елдерінің тәртіп сақшыларынан жасақталған ұжымдық қауіпсіздік ұйымы 2003 жылы құрылған. Құрылым наркобизнеспен қатар, терроризмді қаржыландыру, есірткі саудасынан түскен табысты астыртын жолмен заңдастыру секілді қылмыс түрлерімен бірлесе күресіп келеді.
Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Біз «Солтүстік» деп атайтын есірткі тасымалының жолы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Соңғы жылдары бұл аймақ жұмысының қайта жанданып келе жатқаны байқалады. Сондықтан, қазір ұйымның алдында осының алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау міндеті тұр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.