Елордадағы су құбырлары мен кәріз жүйелерінің 30 пайызы тозған және жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл туралы «Астана су арнасы» бас директорының орынбасары Эльдар Асқаров журналситерге арналған баспасөз турында мәлімдеді. Оның айтуынша, тозығы жеткен энергетикалық қондырғыларды жаңартуға, автоматтандыруды енгізуге сондай-ақ сорғыларды ауыстыруға 6,5 миллиард теңге қарастырылған. Инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асыралатын жұмыстар аясында 1970 жылдардағы ескі қондырғылар ауыстырып, энергия үнемдегіш аппараттар қойылады. Мұның нәтижесінде 10 пайыз қуат үнемделеді. 2016 жылы басталған инвестициялық бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін қомақты қаржы бөлінген. Жылына су және кәріз құбырларын жөндеуге 1,4 миллиард теңге кетеді.
Эльдар Асқаров, «Астана су арнасы» МКК бас директорының орынбасары:
- Тозығы жеткен құбырлар көбіне бас қаланың оң жағалауында. Оларды ауыстыру қажет. Бүгін сіздермен Гейдар Әлиев көшесінде болдық. Бұл Астанадағы проблемасы ең көп көше еді. Бірақ, инвестициялық бағдарлама аясында біз оны шештік. Осы уақытта 300 метрдей жерді жөндеп шықты. Қалған 500 метрі әлі жалғасады. Жаңа технологиялар қолданып жатырмыз. Қараша айында инвестициялық бағдарламаның осы жылға белгіленген жоспарын толық аяқтаймыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.