Музей, архив және кітапхана қызметкерлеріне арналған сессия өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музей, архив және кітапхана қызметкерлеріне арналған сессия өтті

18.09.2018

«Нұрсұлтан Назарбаев. Дәуір, Тұлға, Қоғам». Осындай атаумен Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы өнер мұражайында тұңғыш президент кітапханасының көшпелі көрме жобасы таныстырылды. Шараның ашылу салтанатына ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбек, облыс әкімі мен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрмеге Елбасының  еңбегін айқындайтын, мемлекеттің даму жолында айрықша маңызға ие құнды деректер мен құжаттар қойылған. Сондай-ақ, Президенттің шетелге сапары кезінде мемлекет басшылары тарту еткен естелік сыйлықтарды көруге болады. Көшпелі көрме жобасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының өкілдері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Жастарға «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының маңызы туралы әңгіме қозғалып, Елбасы кітапханасы мен музей қоры жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Қазір Кітапхана қоры 28000 кітаптан тұрады. Оның басым бөлігі Елбасының 1960 жылдардан бастап жинаған жеке кітаптар. Көшпелі көрме шеңберінде мұнайлы шаһарға 800-ден астам экспонат әкелініпті.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу